«Бекітемін»
КМҚК «Гүлдер»бөбекжайы
басшы: ________Бейсенова А.Т
Гүлдер» Ашутасты бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының инновациялық алаңы «Киіз басу», «Жүн өңдеу» 4К моделін жүзеге асыру жобасының 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жұмыс жоспары
Тақырыбы: «Киіз басу», «Жүн өңдеу» 4К моделін жүзеге асыру инновациялық технологиясы.
Мақсаты: Халқымыздың мәдени мұрасын жаңғырту, ата-бабаларымыздың асыл қазынасының бірі-жүннен жасалатын қол өнер бүйымдарын мектепке дейінгі жастағы балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып жаңа технологияны үйрету.
Күтілу нәтижесі: Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады. Киізден тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар арқылы құрғақ және ылғалды жүннен оюлап, өнер салудың табиғи ыңғайлылығын пайдалана отырып, сәндік бұйымдар жасау, сурет салу, т.б. түрін меңгерудің заманауи құндылығын ашу арқылы бұл өнерді дамыту жолдарын қарастыру.
|
№ |
Іс-шара атауы |
Өткізу мерзімі |
Жауапты педагог |
|
1 |
Үндестік жоба аясында біріккен жұмыс ата –аналардың қатысуымен «Жүн және одан жасалатын бұйымдар» |
Қыркүйек |
Әдіскер Алмағамбет Г.С |
|
2 |
Ұлттық қолөнердегі жүннен жасалған бұйымдардың жасалуы жолдары «Шиден тоқылған кілемше» |
Қазан |
тәрбиеші Сембаева А.Б |
|
3 |
Үндестік жоба аясында біріккен жұмыс ата –аналардың қатысуымен «Ұршық қазақ халқының мұрасы және оның жасалу жолдары» |
қараша |
Тәрбиеші Гильмуханова М.Х |
|
4 |
«Фетрадан жасалған ойыншық» |
желтоқсан |
Тәрбиеші Хамзина А.М |
|
5 |
«Әжеме арналған моншақ» (фетрадан жасалған бұйым ) |
желтоқсан |
Тәрбиеші Айтжанова П.С |
|
6 |
«Дидактикалық ойындар» (фетрадан жасалған бұйым ) |
қаңтар |
Әдіскерлер Алмағамбет Г.С Хамзина Г.Қ |
|
7 |
«Жүннен жасалған монщшақтар» |
ақпан |
Тәрбиешілер Жантыкбаева Ж.Т Советхан К |
|
8 |
«Иірілген жіпті шарға жапсыру» |
наурыз |
Уразакова Д.Ж Олейникова Н.Г |
|
9 |
Ертегілер елінде «Шалқан»ертегісі фетрдан |
сәуір |
Абдурахманова Р.А |
|
10 |
«Тымақ ұру» Қимылды ойын |
мамыр |
Муси А.Ғ Хасен Д.Т |
Жүн және одан жасалатын заттар
Үндестік жоба аясында бөбекжайымызда ата-ананың қатысуымен бүлдіршіндергі тәрбие сағаты .
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды. «Шуда» деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көп ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Шуда жіп «шертер», «керуіш» деп аталатын.
Қойдың жүнін «жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні», «өлі жүн» және «шет-пұшпақ» деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терілік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Бұл жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де істеледі. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.
Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, сырмақ, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға да жарамсыз.
Малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді «өлі жүн» деп атайды. Қотанның ортасында түсіп қалған, бұтаның басынан жиналған, бау-шу ескеннен қалған үзік жүндерді «шет-пұшпақ жүн» деп атайды. Мұндай жүндер көбінесе арқан-жіп есуге жұмсалады.
Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шұлық, қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған.
Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге, жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған.
Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың мамығын да іске жаратқан. Қоянның жүнінен жылы шарф, қолғап, шұлық, бөкебай тоқьіған. Құстың мамығынан құс жастық, құс төсек жасаған. Тымақтың маңдайына, найзаның ұшына, салт атты адамның иығына тағып алған құс қауырсыны «өте асығыс» деген белгіні білдірген. Осыдан келіп хан мен хандар арасында тығыз хабар жөнелтілгенде хаттың сыртына бір тал қауырсын бекітілетін, оны «үкілі почта» деп атаған.
Үкінің жүні қазақтың ескі салты бойынша әсемдіктің белгісі деп саналған. Сонымен бірге үкіні қасиетті деп те білген. Мысалы, ерте кезде бақсы, молдалар, хан тұқымдары, атақты батыр, ақын, салдар үкі тағып жүрген. Ұзатылар қызға, қайнына баратын күйеуге, алғаш отау болғанда шымылдыңңа үкі қадау ғұрпының бір жоралғысы осыдан қалса керек. Осыдан келіп жүнделетін бір үкі бір аттың құнымен бағаланған.Үкіні ұлпа және қара қасқа үкі деп екі түрге ажыратады. Үкінің балақ жүнін —ұлпа, ал бауыр жүнін— қара қасқа үкі деген. Қара қасқа үкіні көбінесе ерлер қадаған. Сәукеле, тақия, бөрік сияқты қыз-келіншектер дүниесіне кебінесе ұлпа (балақ жүн) үкісі қадалған. Ақ үкінің жүнін түрлі түсті етіп бояп та пайдаланған. Мұндайда бояуға қазының майын қосқан. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя беретін. Мұны «үкі жүндеу» деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан олжа алу салты да болған.
Жүн сабау, киіз басу, текемет басу, сырмақ жасау жұмыстары жастардың бас қосып ойын-сауықпен көңілді отетін. Жұмыстары болған сон жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.
Ұршық қазақ халқының мұрасы және оның жасалу жолдары
Ұршық жүннен шуйкелеп жіп иіруге арналған құрал. Қазақстан аумағында ұршықты шаруашылық қарекеттерде пайдалану неолит заманынан басталады. Әсіресе, қола дәуіріндегі ескерткіштерден басы арнайы қыштан құйылған ұршық қалдықтары көптеп табылған. Ежелгі Шығыс елдерінде де қол ұршығы пайдаланған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұршық мал өнімдерін пайдаланудағы басты еңбек құралдарының бірі болды. Ол – мұрындық (сірге, ағаш) басы мен саптан тұрады.
Агаш, мүйіз, құс, тас, сүйек (түйе мен өгіздің ортан жілігінің айдар басы), қорғасын сияқты материалдардан жонып жасалған. Ұршықтың басы дөңгелек немесе жартышар тәрізді болады. Оның ортасына сап өткізетін тесігі орналасады. Сабы ұршық басынан 3-4 см шығып тұрады, оған жіп жүретін иретілген ойық жол жасалынады. Кейде басына бір елі қашықтықтан соң мұрындық (ши, шырпы) орналастырылады. Мұрындық немесе иретілген ойық жол жіптің сіргеде біркелкі болып жинақталуына септігін тигізеді. Ұршықпен қап, дағар, алаша, басқұр, терме бау,шекпен т.б. тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешектерге арнап жіптер иірілген. Аз жіп иіруге арналған ұршықтың басы жеңіл, сабы қысқа етіп жасалады. ХVІІІ ғасырдың 2-жартысында тоқма өндірісінде иіру, ширату және тегістеуіш машиналар қолданыла бастады. Бұл ұршық табиғи мақта, жүн, зығыр және химиялық талшықтарға арналған болып ажыратылады.
Ұршыққа арналған ертегілер, қысқа өлең шумақтары және аңыз әңгімелерден де ұршықтың қадір-қасиетін көруімізге болады.
Ұршық
Ағаш едің құрма өскен,
Ұршық болдың шуда өскен.
Бір қалыпта тұрмақ жоқ
Шығармалық мұны естен.
Ұршығым, сені қолға алам,
Ұршығым ұшқыр нар тайлақ.
Жез бұйдалы – желмаям
Желмаям, желші нар тайлақ.
Ұршыққа арнайы қап, яғни ұршыққап тігіп, іліп қоюға болады. Себебі, кез келген жерге қоймай, оны іліп қоюға арналған.
«Шиден тоқылған кілемше»
Ши тоқу өнері көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді.
Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданған. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланған. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына төсеген. Тоқылған шиді қазақтар сияқты көшпелі басқа шығыс халықтары да кеңінен пайдаланған. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан – ақ қолданған. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқан. Ши өңдеу, тоқу өнермен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбінесе әйелдер айналысқан. Ақ шиден өзіне керекті күнделікті күнделікті тұрмыста пайдаланатын затты әрбір әйел өздері тоқып алған. Шиді күзге қарай дайындаған. Ши тоқу үшін ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ортаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым қондырғы пайдаланған. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатқан. Қазақ халқының қолөнер саласына ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, ою салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер болып табылады. Ши бұйымдары жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши деп үш топқа бөлінеді.Мұндай ши түрлері қазақ арасында өз орнымен әр түрлі мақсатта пайдаланған. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшік, т,б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгі жасау үшін, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданған. Түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарын әшекейлеуге пайдаланылған. Ал оның бойы тұтас оралмай, әр жерінен оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды. Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыда айтылған шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылған. Шым шиді кейде жез ши деп атайды. Шым ши тоқу – қазақтың қолөнер саласындағы ерекше бір түрі. Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында болсын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғилығымен көзге түскен. Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ ісмерлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлері композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, екі жақты ұзынша ою болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде көбіне геометриялық фигуралардағы: төртбұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, көпбұрышты, т.б. оюлар қолданылған. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге арналған. Геометриялық элементтер, өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюларды салуға болады. Шым ши тоқуда геометриялық ромб, төртбұрыш, көпбұрыш немесе сүйір бұрыштанып келген ою элементтері төрт құбыланы білдіреді. Мұндай оюлар ерте заманнан керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде: алаша, кілем, киіз өрнектеу салаларында жақсы сақталған.
Фетрдан жасалған ойыншықтар
Әрине, бұл мата. Сіздің үйіңізде жатқан кез-келген қыртыстар пайдалы болуы мүмкін және бәрібір, олар ұзақ уақыт бойы ешқандай практикалық қолданысқа ие емес, тек құмыра мазарлары. Материалдар өте әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, тоқылған маталар оңай жетеді, сондықтан олар кез келген ойыншық үшін керемет. Мақта үнемі қуыршаққа немесе аппликаға арналған киім сияқты өте жақсы көрінетін жарқын түстерін ұтып алады. Велюр мен бархат жануардың «жүнін» жасау үшін өте ыңғайлы, бірақ киізден жасалған маталардан, мысалы, кішкене бөлшектерді кесу өте ыңғайлы.
Ойыншықтардың безендірілуі туралы ұмытпаңыз: кружевтің бөліктері, былғары, түрлі-түсті лента, мүк және кілемше.
Декор мен суреттер элементтерін жасау үшін сізге көз, күлім мен мұрын жасай алатын түймешіктер, бисер немесе кішкентай бисер қажет болуы мүмкін.
Толтыруға арналған материал туралы ұмытпаңыз: әдетте бұл мақта немесе көбік резеңке болып табылады, сізге кальцийленген қарақұмық қажет болуы мүмкін (ойыншықтың жеке бөлшектерін салмақ). Егер үйде ескі қажетсіз жастық болса, онда толтырғыштан оны алуға болады.
Жақтау ойыншықтары үшін біз сым мен картонға жинақталып, құрастыру үшін палубаны және аюды қолданамыз.
Біз ойыншықтарды тігетін болсақ, біз ең маңызды нәрсе туралы ұмытпаймыз: инелер жиынтығы, қайшылар, сондай-ақ әр түрлі түстер мен құрылымдардың жіптері.
Центиметрлер мен сызғыштар, сондай-ақ бор немесе шарикті қаламсап.
Дидактикалық ойындар
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.
Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.
Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.:
а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер.
Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.
«Дәл осындай пішінді тап»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
«Үйдің есігін жабайық»
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
«Вагондарға дөңгелек таңдау»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
«Үй құрылысының ретін көрсет»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
«Бет орамалға лайық жамауларды табу»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
« Жұбын тап»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
«Әдемі кілемшелер»
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
«Таныс пішіндер доминосы»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Дәстүрлі ойын жиынтығы 28 арнайы тіктөртбұрышты плиталардан тұрады, олар әдетте атырау деп аталады. Сондай-ақ, «сүйектер» немесе «тастар» сияқты терминдерді қолдануға болады. Плитаның беті екі тең бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысы 0-6 ұпаймен алынады. Тастар түрлі материалдардан жасалған, мысалы, ағаш, пластик немесе піл сүйегі болуы мүмкін.
Ойнауға 2-4 ойыншы қажет. Егер екі ойыншы ойнаса, әрқайсысы 7 сүйек алу керек. 3 немесе 4 адам қатысқан кезде, олар 5 бүркітті береді. Қалған тастарды бір жағына қойып, міндетті түрде назар аудару керек. Бұл «базар» деп аталатын жабық резерв деп аталатын болады.
Ойын барысында сіз бір-біріне тиесілі бөліктерге ұқсас нүктелермен бір-біріне тиюі үшін плиткалар тізбегін салуыңыз керек. Басталуы 6-6 есе, егер жоқ болса, онда 5-5. Мүмкін, қатысушыларға екі еселенген тастар салынбаған болса, онда ең үлкен құндылығы бар сүйекпен басталады.
Кімнің мүдделері, домино ойнауды қалай үйрену керек, мұндай сәттерді білу қаже
КМҚК «Гүлдер» бөбекжайы
Жүн және одан жасалатын заттар
Дайындаған әдіскер: Алмағамбет Г.С
КМҚК «Гүлдер» бөбекжайы
Ұршық қазақ халқының мұрасы және оның жасалу жолдары
Тәрбиеші: Гильмуханова М.Х
КМҚК «Гүлдер» бөбекжайы
«Фетрадан жасалған ойыншық»
Тәрбиеші:Хамзина А.М
КМҚК «Гүлдер» бөбекжайы
Дидактикалық ойындар
Дайындағандар:Алмағамбет Г.С
Хамзина Г.К
КМҚК «Гүлдер» бөбекжайы
«Шиден тоқылған кілемше»
Тәрбиеші: Сембаева А.Б
Тымақ ұру” ойыны үшін газеттен жасалған “тымақ” та жарай береді. Оған қоса биіктігі бір метрдей қада,
белбеу мен орамал қажет. Қаданы мәреден 20 қадамдай жерге қағып, соның басына тымақ кигізіледі. Ойыншының көзі орамалмен байланып, қолына белбеу ұстатылып, мәреден жіберіледі. Ол көзі ашық кезде көрген зердесіне сүйене отырып қазықты тауып, белбеумен соның басына кигізілген бас киімді ұрып түсіруі керек.