Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Гүлдер» Ашутасты бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Гүлдер» Ашутасты бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

 «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің « Гүлдер» Ашутасты бөбекжайы КҚМК  педагогтер мен ата-аналардың және де қызметкерлер өзара  іс-қимылын жақсартуға бағытталған  «Үндестік» жобасы

2022-2023ж

"Үндестік" жобасы

«Үндестік»  жобасы ата-аналар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған тиімді нысандардың бірі болып табылады.
  Жобаның мақсаты: ​Отбасы мен бөбекжайдың әлеуметтік серіктестік қағидаттары мен шарттары бойынша жүйелі, кешенді, Үйлестірілген әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық ұзақ мерзімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, ең жоғары құндылықтар адам өмірінің негізі болып табылатын бірыңғай оқу-тәрбие алаңын, бірыңғай әлеуметтік саланы құруға бағытталған.   
Ата-аналармен өзара әрекеттесу формалары
Өзара әрекеттесудің ұжымдық, топтық және жеке формаларын біріктірген жөн.
Ұжымдық формалар: ашық ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекторийі, тәжірибе алмасу бойынша ата-аналар конференциясы, сұрақтар мен жауаптар кеші, тәрбие және оқыту мәселелері бойынша диспут-рефлексия, ата-аналардың педагогикалық ұжыммен «Ашық есік күндері» форматында кездесуі,  ата-аналардың қатысуымен шығармашылық шеберханалар, ата-аналардың өздері бастамашылық еткен іс-шаралар.
Мен ұжымдық жұмыстың инновациялық формаларына мысалдар келтіремін:
1.Ашық ата-аналар жиналысы (жалпы  бөбекжай  ата-аналар жиналысының алдында білім алушылардың ата-аналары үшін тәрбиешілердің жеке консультациялары өткізіледі);
2. Балалар концертінің дәрісі басталар алдында ата-аналар лекторийі;
3. Тәжірибе алмасу бойынша ата-аналар конференциялары, онда ата-аналар тақырыпты өздері анықтайды және өзекті мәселелерді талқылау үшін мамандарды шақыра алады.
Жұмыс формаларының келесі тобы-топтық формалар: ата-аналар комитетімен өзара әрекеттесу, шығармашылық топтармен өзара әрекеттесу; мамандармен топтық консультациялар ( педагог-психолог,  мамандар),   тимбилдинг, кофе-монинг, диалог алаңдары, мамандарды тарта отырып, ата-аналарға арналған практикалық сабақтар (педагог-психолог), шығармашылық сағаттар, «ата-аналардың жұмысында бір күн» кәсіптік бағдар,
Мысалы, біз топтық жұмыстың осындай инновациялық түрлерін ұсынамыз:
-ата - аналармен кофе-монинг-кездесу білім беру ұйымында ата-ананың қонақ бөлмесі форматында ұйымдастырылады. Ата-аналар мен балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерін кофе үстінде еркін, бейресми жағдайда шешеді. Оқыту және ата-ана мен бала қарым-қатынасы мәселелері бойынша бейне материалдарды көруге болады;
- «Біз біргеміз» тимбилдингі ойын түрінде өтеді және қазіргі балалар мен жасөспірімдерге қажетті коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттерді қалыптастырады;

Жеке формалар:
- «Басшы сағаты» (ата-аналармен жеке жұмысы үшін белгіленген уақыт);
- «Әкімшілік қабылдау бөлмесі» ( басшы жөніндегі орынбасарларының жеке жұмысы үшін белгіленген уақыт,
Ата-аналармен ТЖБ);

- сауалнама және диагностика;
- үйге бару;
- кеңес;
- ата-аналардың жеке тапсырмаларды орындауы 

2022 жылдың наурыз айында «Үндестік жоба аясында ата-аналармен бірлесіп  рухани жаңғыру   «Киіз басу», «Жүн өңдеу» 4К моделін іске асыру.

МақсатыХалқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы –  жүн   жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту. 

Міндеті

Қазақтың қолданбалы қолөнері жайлы білу;  Жүнді түту жайлы мағлұмат беру;  Фетр «матадан» жұмыс жасау технологиясын үйрену; Қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу  «Киіз басу», «Жүн өңдеу» 4К моделін жүзеге асыру иновациялық технологиясы жүзеге асырылып, тәрбиешілеріміз өздерінің шәкірттерімен бірігіп  жүннің илуін, жүннен мақтаны, илеп матаны, иіріп жіптердің шығуын зерттеп,саралап,әртүрлі дидактикалық ойындар,түрлі суреттер,кілемшелер тоқып  жасады.

Осы орайда айта кететініміз бүлдіршіндеріміз жүннің түр-түрінен бұйымдар жасап республикалық Рухани жаңғыру  Қазақ өоғам қорының ұйымдастыруымен  қашықтықтан өткен конкурсқа жұмыстарын қатыстырып жүлделі 1-орынға ие болып бқбекжайымызға алғыс хат берілді жәнеде ақпараттық басылымға жазылды.

2022 жылғы мамыр айында бөбекжайымыздың әдіскері  Алмағамбет Г.С  тәрбиеші Сатова Ж.К    "Үндестік" жобасын жүзеге асыру аясында Балалар демалысы және жазғы жұмыспен қамту тұжырымдамасын іске асыру аясында «Ахмет Байтұрсынов атамызға  150 жыл толына орай ауылдың кітапханасының қызметкері мен және ата-ана Амангелдинова Нургул бірлесіп бүлдіршіндердің ой санасын хабардарлығын арттыру, баламен қарым-қатынас туралы түсініктерді кеңейту,  түсіністік пен ынтымақтастыққа ықпал ету. Кітапхана қызметкерлері балаларға кітапхана туралы, онда жұмыс істейтін адамдар туралы танымдық презентация дайындады және кітаптар еліне қызықты саяхатқа баруды ұсынды. Саяхат кезінде балалар кітапхана белгілі бір мінез-құлық ережелерін сақтау қажет "Кітап үйі" екенін білді. Әрі қарай балалар кітаптың пайда болу тарихымен, оны өңдеу ережелерімен, кітап құратын адамдардың еңбегімен танысты.

2022 жылдың қыркүйек айында бөбекжайымызда «Үндестік» жоба аясында бөбекжайымызда ата-аналармен бірлескен жұмыс аясында «Арайлы алтын күз» іс-шаралары өткізілді.Бүндағы мақсат ата-анамен қарым-қатынасты нығайта түсу және балалардың қол өнерін дамыту. азіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата — аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата — аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата — аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата — аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.Ата-анамен бірігіп жасалған қол өнерді «Өрлеу  Қазақстан қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Республикалық балалар арасында өткізілген онлайын «Кел балалар оқылық сайысына қатысып ерекше қол өнер туындысымен  жүлделі орындарға  ие болды.Боранбай Заңғар Ерболатұлы , Катешова Ерке 1-ші  орынды иеленіп жетекші тәрбиешілерге алғыс хат берілді.Ақпараттық  басылымға шығарылды. 

 2022 жыл қазан айында «Денсаулықты сақтаймыз»

  «Үндестік» жоба аясында ауылдың мекемелерінің арасында және ата-аналармен бөбекжайымыз үстел үсті теннистен жарыс ұйымдастырды. Мектеп жанынан құрылған екі команда,ауыл әкімдігінен бір команда,ауыл канторы бір команда және бөбекжайымызбен ата-аналар  бір команда болып  сайысқа түсті. Нәтижиесінде бірінші орынды ауыл әкімдігі иеленсе,екінші орынды бөбекжайымыз,үшінші орынды мектеп жанынан құрылған бірінші команда иеленді.Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

 

2022 жылдың қазан айында «Үндестік»жоба аясында бөбекжайымызда   «Қарттарым асыл-қазынам»атты мерекелік іс –шара қарияларымыздың қатысуымен  жүргізілді.

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.Осы мақсатта қарияларымызды төрге шығарып бүлдіршіндерге ақыл кеңестерін айтып,өз ойларын ортаға салды,пікір талас орнатылды.Ән шырқалды.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусізміне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымыздыардақтапөтейік! Олардысыйлаңдар, қадірлеңдер!

2022 жылдың қазан айындаБиыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті."Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек.«Үндестік» жоба  аясында мәдениет үйімен бірігіп және ата-аналармен бөбекжайымыз «Мен елімнің ұланымын»атты мерекелік іс шараны өткізді.Аналарымыз кішкентай қыздарымызбен  «Аяулы ана» биін биледі.